• 1

    Республика Казахстан, Алматинская область, Каратальский район,
    село Алмалы, улица Абая 6. Телефон: 8 (72-834) 5-04-17

  • 3

    Республика Казахстан, Алматинская область, Каратальский район,
    село Алмалы, улица Абая 6. Телефон: 8 (72-834) 5-04-17

  • 5

    Аким сельского округа - Мырзахметов Нурлан Онгарбекович

    Телефон: 8 (72-834) 5-04-17

Мықтыбек батыр

     Заманында ел қорғаны, жарлы –жақыбайдың қамқоршысы, ағайын-туыстың ынтымақ-бірлігін сақтаған жан. Әділет үшін қашан да ара түскен, ар-намыс үшін қолына найза алып, атқа қонған, билікке араласқан. Батырдың өз ұрпағы мен демеушілік көмек көрсеткен шаруашылық ұжымдарының қаржылай жәрдемімен ел мақтанышының кесенесі 1995 жылы салынды. Сол жылдың күзінде Мықтыбек батыр мен елдің бір топ ардақтыларына арнап ас берілді.

myktybek

    

Тілеуғұл батыр

Сарыесік- Атырау бойын жайлаған Мықтыбек батырдың ісін алға апарушының бірі. Ол да ел-жұртына пана, қалған болған. Мыңғырған бай мен жуан білекті атаулыдан именбеген. Шындық пен әділет үшін отқа түсуге дейін барған. Ағайынның ауызбірлігін, өрістің шұрайын, судың тұнығын сақтаған. 2005 жылдың күзінде ағайын туыстары мен ұрпағы батырдың аруағына арнап ас берді,ескерткіш белгі орнатты.

tileugul

    

Байшығашұлы Жәлменде би
(1841-1901ж.ж.)

   Өз қатарынан озып туған, шоқтығы биік, бағы артық, есімі Жетісу жұртшылығына кең тараған өте ықпалды жан болған. Заманында билік құрған. Билігінің әділдігімен, аузының дуалығымен аты шыққан. Аудан жұртшылығы 1995 жылдың 16 қыркүйегінде төменгі Қаратал боелдің бір топ игі жақсылары Жәлменде би мен Пышан болыс, ақын-сазгерді, Аманбай, Иеке, Арқабай әулиені, Мықтыбек, Бақай, Тілеуғұл батырды еске алу шарасын өткізіп, олардың аруағына арнап ас берді.

zhalmende

 

Пышан Жәлмендіұлы
(1884-1922)

   Ақын әрі әнші, сазгер ел билігіне де ерте араласып, алғаш рет он сегіз жасында болыс болды. Тіпті кейніректе Жетісу өңірінде Совет өкіметі орнағасын да осы қызметке қайта сайланған. Пышан Жәлмендеұлы «Қайша», «Дүние-ай», «Ала қарға», «Қыз Балқия», «Дүние шіркін, өтеді бір күн», «Әшіркүл-Зейнеп» әндерінің авторы. Кеңес өкіметі орнаған тұста жазығы-болыс болғандығы үшін қуғындалып, жала жабылады. Ақыры оққа байланады. Бейіті Талдықорғанның «Шәйқорған» қорымында.

pysan

enbek ru

баннер ПРЗ без-фона

Социальная помощь

21.11.19

Сайт районного акимата

Прогноз погоды

Курсы валют

Календарь праздников

Праздники Казахстана