• 2

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Алмалы ауылы, Абай көшесі 6. Телефон: 8 (72-834) 5-04-17

  • 4

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Алмалы ауылы, Абай көшесі 6. Телефон: 8 (72-834) 5-04-17

  • 7

    Ауылдық округінің әкімі - Мырзахметов Нұрлан Оңғарбекұлы

    Телефон: 8 (72-834) 5-04-17

     

     

ҚҰРМЕТТІ БАЙШЕГІР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Қ.Р Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауындағы екінші бағыты халықпен тиімді кері байланыс орнату;

Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады.

Осы Жолдауда айтылғандай азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілегін жедел әрі тиімді қарастыратын "ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ" деген атаумен, «Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалының ұйымдастыруымен Сіздердің округте «КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ» өтетіндігін хабарлаймыз. Қабылдауды кімдер жүргізетіндігі, қайда және қашан өтетіндігі жөнінде мәліметті төмендегі кесте бойынша біле аласыздар:

Қабылдау жүргізушіердің

аты-жөні

Лауазымы

Қабылдау мерзімі және мекен-жайы

1

Бұлдыбаев Қайрат Найманбайұлы

Қаратал ауданының әкімі,

«Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалының төрағасы

21 қараша 2019 ж.

сағ. 15.00.-ден, 17.00.-ге дейін;

Алмалы ауылындағы, мектепке дейінгі шағын орталығы бар Абай атындағы орта мектеп ғимаратында

2

Теңелбаев Жандос Қасқырбекұлы

«Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты

3

Тілеубай Мұрат Қалиұлы

Аудандық мәслихат депутаты

Қабылдаудың өту мерзімі бойынша өзгерістер болған жағдайда ауылдарыңыздың әкімшілігіне хабарланады.
Анықтама үшін «Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалына хабарласуыңызға болады, жұм. тел. 2-10-61;            

Қаңбақты ауылдық округі атауының идеологиялық тұрғыдан ескіргендігін ескере келе Байшегір баба ауылдық округіне өзгерту туралы жергілікті қоғамдастық кеңесі мүшелерінің қатысуымен 2018 жылғы 6 ақпан күні сағат 15.00-де ауыл тұрғындарының жиналысы өткізілді. Жиналысқа 150 ауыл тұрғыны қатысты.

Жиналыс барысында ауылдық округ әкімі Н.Мырзахметов Қаңбақты ауылдық округі атауының идеологиялық тұрғыдан ескіргендігін ескере отырып, округ атауын Байшегір баба есімімен атау туралы тұрғындрдан өтініштер түскендігін айтып, Байшегір бабаның өмір сүрген кезеңі, жүріп өткен жолдары, елі, жері үшін еткен еңбегі жайында түсінік берді. Ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Әбдікәрімов, ауыл ақсақалдары Қ.Мұса, А.Ғалымбаев осыдан 400 жыл бұрын өмір сүрген Байшегір бабаның он екі ата Жалайырдың ішіндегі ең шоқтығы биік, ең қадірлі, парасатты, кемеңгер, данышпан атаның бірі болғандығын, халықты отырықшылдыққа үйретіп, қазіргі Алмалы ауылының тұсына үлкен тоған қаздырып, егін еккізгенін, Кеңестік кезеңде ауданның іргелі шаруашылықтарының бірі Байшегір есімімен аталғанын айтып, округ атауын Байшегір баба атына ауыстыру -бүгінгі күннің басты мәселесі екендігін және бұл ұсынысты қолдайтындықтарын айтты.

Жиналыс соңында Қаратал ауданы, Қаңбақты ауылдық округінің атауының идеологиялық тұрғыдан ескіргендігін ескеріп, «Байшегір баба ауылдық округі» деп қайта атау мақсатында қажетті құжаттар (түсіндірме жазбаша хат, экономикалық есеп-қисап және т.б.) дайындалып, аудандық тиісті органдарға жіберілсін деген қаулы қабылдады.

   Жиналыс төрағасы Қ.Әбдікәрімов
   Жиналыс хатшысы А. Қонысбекова

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақ-тылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 8-тармағының, 1),2)-тармақшаларына сәйкес 2018 жылы 6 ақпан күні сағат 15.00-де Қаңбақты ауылдық округі Алмалы ауылы Абай атындағы орта мектебінің акт залында жергілікті қоғамдастық кеңесі мүшелерінің қатысуымен округ тұрғындарының жиналысы өткізілетіндігін хабарлаймыз.

Күн тәртібінде: Қаратал ауданы Қаңбақты ауылдық округінің идеологиялық тұрғыдан ескіргендігін ескере келе атау беру, оны қайта атау туралы.

  1. Қаңбақты ауылдық округінің атауын «Байшегір баба» атына өзгерту.

                                                 Қаңбақты ауылдық округі әкімінің аппараты

2014 жылдың 2 маусым күні кешкі сағат 18.00-де Қаңбақты ауылдық округінің атауын Байшегір баба ауылдық округі деп өзгерту туралы ауылдық бойынша жергілікті қоғамдастық кеңесі мүшелерінің қатысуымен тұрғындар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 44 адам қатысты.

2014 жылдың 2 маусым күні кешкі сағат 18.00-де Қаңбақты ауылдық округінің атауын Байшегір баба ауылдық округі деп өзгерту туралы ауылдық бойынша жергілікті қоғамдастық кеңесі мүшелерінің қатысуымен тұрғындар жиналысы өткізіледі.

Аудандық әкімдіктің сайты

enbek kz

баннер ПРЗ без-фона

Социальная помощь

21.11.19-2

Ауа-райын болжау

Валют курстары

Мейрамның күнтізбесі

Праздники Казахстана