• 2

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Алмалы ауылы, Абай көшесі 6. Телефон: 8 (72-834) 5-04-17

  • 4

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Алмалы ауылы, Абай көшесі 6. Телефон: 8 (72-834) 5-04-17

  • 7

    Ауылдық округінің әкімі - Мырзахметов Нұрлан Оңғарбекұлы

    Телефон: 8 (72-834) 5-04-17

     

     

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» шеңберінде округке қарасты Алмалы ауылының Абай атындағы орта мектебімен Балхаш бастауыш мектептерінде ішкі дәретхана жөндеу жұмыстары басталды. Инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 2 азамат жұмыспен қамтылды.

8.06.20 1

8.06.20 2

8.06.20 3

8.06.20 4

Алмалы Тарихы терең, Келешегі кемел ұлы дала

21 ақпанда Алмалы ауылдық кітапханашысының ұйымдастырумен «Тарихы терең, Келешегі кемел ұлы дала » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Оңғаров, аудандық мәдениет үйінің басшысы С.Мәженова, Байшегір ауылдық округінің әкімі Н.Мырзахметов және Абай атындағы орта мектебінің мұғалімдері мен ауылдық аурухана ұжымы және ауыл тұрғындары тамашалады. Көрмеге кітапханашы А.Сейтжапарова шолу жасап өтті.Көрмеге Ұлы ақын А. Құнанбайевтың 175 жылдығына орай Абайдың өмір жолы мен шығармалары қойылды. Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150жылдығына орай кітап көрмесі қойылды. Әбу Насыр әл- Фарабидің өмірі мен фотосуреттер, дәйексөздер қойылды.Қазақ хандығының 555жыл толуына орай кітап көрмесі қойылды. Қазақстан Респуликасының Конститутциясына 25жыл толуына орай , Ұлы жеңіске 75жыл толуына орай және Совет одағының батыры Бауыржан Момышұлының - 110жылдығына орай арналып қойылып отыр.Көрме соңында Абай атындағы орта мектебінің оқушысы Шалқарқызы Айша «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа мәнерлеп оқып берді.

26.02.20

Толығырақ...

Астана күніне орай Алмалы ауылдық кітапханашысының ұйымдастырумен кітапханада «Жұлдызды қала - Астана» атты тақырыпта әдеби сазды кеш өткізілді. Мақсаты: оқырмандарды кітапханаға тарту, Астана қаласының тарихын, ерекше тұстарын насихаттау, елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстыру, отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйрету, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу. Іс – шара Мемлекетіміздің Әнұранымен басталды, кітапханашы А.Сейтжапарова «Жұлдызды қала - Астана» атты кітап көрмесімен таныстырды, көрмеге Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің әдемі сөзімен жазылған «Астанасына қарап, елін таниды. Жаңа астана – тәуелсіз Қазақстан үшін жарқын келешектің нышаны» деп жазылған нақыл сөзі және «Астана» және «Қазақстан» ұлттық энциклопедиялары, «Біздің – Отанымыз Қазақстан», «Менің елім Қазақстан», «Бәйтерек», «Астана – Қазақстанның жүрегі» атты әнші А.Жорабаеваның орындауындағы әнмен басталды. Балалар, біз неліктен «Астана» туралы ән тыңдадық деп ойлайсыңдар? Ия. Себебі алдымызда еліміздің ең айтулы мерекесі «Астана» күні келе жатыр. Ал Астана- еліміздің бас қаласы, еліміздің жүрегі. Ия, балалар, олай болса, біздің бүгінгі кешіміз Астана қаласы құрметіне арналмақ. Олай болса алда келе жатқан «Астана» мейрамы құтты болсын? Кітапханашы А.Сейтжапарова Астана тарихы және көрікті жерлері туралы түсінік беріп өтті. Кешке оқырмандар өздері білетін «Астана» туралы дайындап келген тақпақтарын айтты. 5сынып оқушысы С.Назар «Астана » туралы ән шырқады. Одан кейін балалар өздеріне ұнайтын тақырып бойынша «Жұлдызды қала- Астана» тақырыбына әр- түрлі бағытта сурет салды. Жақсы ат салысқан оқушыларға алғыс хаттар табыс етілді.Кеш қызықты өтті.

12.08.19 1

Толығырақ...

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында  Алмалы ауылдық кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың көне сарындары» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Оңғаров, аудандық мәдениет үйінің басшысы С.Маженова, Байшегір ауылдық округі әкімі аппаратаның бас маманы А.Тлеуғасым және Абай атындағы орта мектебінің мұғалімдері мен ауыл тұрғындары тамашалады. Көрмеге кітапханашы Қ. Ғалымбаева шолу жасап өтті. Жаңғыру аясындағы көрмеде Елбасының ел дамуындағы еңбегі, тәуелсіз Қазақстанның  табысы, ұлт мәдениетін, салт-дәстүрін, тарихы жайлы мақалалар мен қазақ жазушыларының еңбектері қойылды. Осы орайда ұсынылып отырған Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың кітаптарында Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуы туралы мәліметтер берілген, халықтың ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған ауызша тарихына, шежіреге тоқталады. өз еліміздің тарихы, табиғаты мен мәдениеті және абзал адамдары туралы тыңғылықты ақпараттар ала аласыздар. Көрменің бір бөлімі  Болашаққа бағдар - Рухани жаңғыру мақаласының заңды жалғасы ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын  Ұлы даланың жеті қырын атап көрсетті. Көрмеге мақалада айтылған барлық тарихи бағыттар бойынша әдебиеттер топтастырылған. Кітап сүйер қауым өздерін қызықтырған атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилінің өнері, алтын адам, түркі әлемінің бесігі секілді тақырыптарды кеңінен тануға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, Рухани Жаңғыру бағдарламасына қатысты, Қазақстанның қасиетті жерлері, ежелгі қалалар мен мәдениет, зергерлік және сәулет өнері  туралы еңбектерді оқи алады. Онда ұлы даланың жеті қырын: «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны», «Аң стилі» деп бөлінген.

«Кітап- білімнің бұлағы, Білім - өмірдің шырағы»-демекші КҮШ – БІЛІМДЕ, СІЗ БІЛІМДІ КІТАПТАН АЛАСЫЗ. Олай болса ғылым мен техниканың ерекше алға басқан қазіргі кезеңінде К І Т А П адамға рухани байлық ретінде де, бірден бір қазына ретінде де одан әрі қолданыла бермек.

20.02.19

20.02.19-1

5 қазан күні Қарттар мен мүгедектер күніне орай Алмалы ауылдық кітапханашылардың ұйымдастырумен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты әдеби қонақжай болып өтті.Қонақжайға ауылдық округтегі ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталарымыз бен мүгедек жандар шақырылды. Мерекелік шараны ауылдық округ әкімі Н.Мырзахметов құттықтау сөзімен ашып, «Ел мүддесін бәрінен биік қоятын,өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады.Біздің халқымыздың сондай ерешеліктерінің бірі-үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық аузы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді». Міне осындай теңгеуге лайық қарияларымызды жылына бір рет келетін 1қазан Қарттар күнімен құттықтап, дендеріне саулық тіледі. Келесі кезегімізді мерекелік концертке берді.Қыздар тобынан құралған мың бұралған бишілер би билеп, Амангелді Айғаным «Аққу»биін билесе, Әмина Амантай мен Айтулы Әлімбек «Қарттарым» өлеңін нақышына келтіре мәнерлеп айтса, Ақыл Сатыбалды «Алдай ма көктем» әнін орындап. Ауыл ақсақалы Амангелді атай мен Ардагер ұстаз Шаму апай  жастарға бата беріп, жайылған дастарханнан дәм татып, ризашылықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

DSCN526 1

Толығырақ...

Аудандық әкімдіктің сайты

enbek kz

баннер ПРЗ без-фона

Социальная помощь

21.11.19-2

Ауа-райын болжау

Валют курстары

Мейрамның күнтізбесі

Праздники Казахстана